14.04.2024, 23:30

Димаш Құдайбергеннің шетелдік тыңдармандары су тасқыны кезінде елімізге көмек көрсетуде (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желі

"Мені және менің елімді әрдайым қолдайтындарыңыз үшін көп рахмет".

Әлемге танымал қазақстандық орындаушы алғыс айтқан бейнежазбасын Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.   

"Сәлеметсіздер ме, құрметті ханымдар мен мырзалар! 

Менің әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын тыңдаушыларым Қазақ елі үшін қиын кезеңде гуманитарлық көмек жіберіп жатқандығы туралы ақпарат алдым. Мені және менің елімді әрдайым қолдайтындарыңыз үшін көп рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін!", - деді ол бейнежазбада.

Айта кетейік, бейнежазба астында Димаштың шет елдегі жанкүйерлері қолдау пікірлерін білдіріп, ыстық лебіздерін қалдырған.