$ 494.87  520.65  4.91

3 млн теңгеге алдамақ болған интернет-алаяқтың дөрекі әңгімесі видеоға жазылды (ВИДЕО)

Азаматша қазіргі уақытта белең алған интертен-алаяқтық туралы жақсы біледі, алайда қала тұрғыны олардың құрығына түсемін деп мүлдем ойламаған.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Полиция мен банк қызметкері қарағандылық тұрғынның 3 миллион теңгесін интернет-алаяқтардан сақтап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Азаматша қазіргі уақытта белең алған интертен-алаяқтық туралы жақсы біледі, алайда қала тұрғыны олардың құрығына түсемін деп мүлдем ойламаған.

– Маған WhatsApp желісінде мекеме басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары қаржылық заң бұзушылықтардың алдын алу үшін қызметкерлеріміздің есепшотын тексеріп жатыр деген хабарлама келді. Арада он бес минут өткен соң телефоныма белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырып, менің есеп-шотым арқылы есірткі қылмысынан түскен ақша өтіп жатқанын айтты. Ол менің жеке сәйкестендіру нөмірімді ешкімге бермеу туралы сұрады. Осыдан кейін маған басқа бір адам қоңырау соғып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, менің атыма сегіз несие рәсімделгенін айтты. Сөйтіп ол маған басқа банктен несие алып, жиналған қарызды жабуға кеңес берді. Алайда бірінші және екінші рет қоңырау соққан адамдар менің жасап жатқан әрекетімді ешкімге айтпауға кеңес берді. Осыдан кейін олар телефон арқылы менің әрбір басқан қадамым бойынша нұсқау беріп отырды. Мен қаладағы банктердің біріне барып, 3 миллион теңге несие рәсімдеп, оны қолма қол ақшамен алып кеттім. Содан кейін олар басқа банкке барып, маған WhatsApp желісіне жіберілген есеп-шотқа алдында алған ақшаны жіберуді талап етті. Сол жерге барғанда банк операторының жіберілген есеп-шоттың шетелде тіркелгенін айтқаннан кейін менде күдік туды. Сол кезде маған банктің бөлім бастығы келіп болып жатқан жағдайды айтуын сұрап, мен барлық әрекетімді айтып бердім. Кейін ол полиция қызметкерлерін шақырды, – деді азаматша.

60 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны 3 миллион теңге ақшасын интернет-алаяқтардан аман сақтап қалғаны үшін полиция мен банк қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Банкке келген облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасына қарасты киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын зерделеген соң, азаматшаның банктен алған несиесін және есеп-шоттарын қайтадан жапқызып, қала тұрғынын алаяқтардың арбауынан аман алып қалды.

Қарағанды облысы полиция департаменті қала тұрғындарынан банк немесе құқық қорғау органынан деп белгісіз адамдар қоңырау шалса, бірден телефон тұтқасын қойып, полицияға хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары