17.04.2024, 17:40

«Ұлтаралық араздықты қоздыру»: Танымал журналист, блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото: Блогердің әлеуметтік желісінен

Мұнда ол сонымен қатар орыс ұлтын да түрлі сөздермен қорлауға тырысқан. 

Блогер Дана Орманбаеваның үстінен Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Дана Орманбаеваның Instagram желісінен Алена Панамареваға қарсы түрлі сөздер айтып, балағаттаған жазбаларын көруге болады. Мұнда ол сонымен қатар орыс ұлтын да түрлі сөздермен қорлауға тырысқан. 

«Алматы қаласы тұрғынының әлеуметтік желілерде Д.Орманбаева азаматшаның ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен қорлау сөздерін жариялауы туралы арызы негізінде қалалық полиция Департаменті қылмыстық іс қозғады. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген хабарламада.

Блогердің өзі бұл мәселеге қатысты Instagram парақшасында пост жазып, пікір білдірген.