$ 474.83  518.99  5.4

Әнші Ғазизхан марқұм Салтанат Нүкенова түскен әсерлі видео жариялады (ВИДЕО)

Ғазизханның сөзінше, видеоны тыңдарманның бірі дайындаған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Ғазизхан Шекербеков Instagram парақшасында марқұм Салтанат Нүкенованың видеосын жариялап, тыңдарманды жылатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Көпшілікке "Әттең" әні дәл марқұмға арналғандай әсер қалдырды. Бір жыл бұрын жарыққа шыққан әнді тыңдаған көпшілік көзіне жас алды.

Ғазизханның сөзінше, видеоны тыңдарманның бірі дайындаған.

"Мына әніңіз осы жағдайды дәл суреттегендей" деп бір тыңдарманым жасаған екен. Әлемде әділдік орнаса екен", - деп жазды әнші.

Видеоға журналист Дина Төлепберген де пікір қалдырды.

"Сүйектен өтер саз, жүрекке жетер сөз. Рақмет" ,- деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары