$ 494.95  525.49  5.05

Жетісу облысында жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршіннің денесі табылды

Сәби 11 күн бұрын жоғалып кеткен.

Фото: Жетісу облысы ТЖД
Фото: Жетісу облысы ТЖД

Жетісу облысында 11 күн бұрын Көксу ауылында жоғалып кеткен 3 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өңір полициясының мәліметінше, іздеуде жүрген бала Мұқаншы өзеніне батып кеткен, оның денесін іздестіру топтары тауып алған.

"Жоғалған баланы іздеу жұмыстары аяқталғаны туралы хабарлауға мәжбүрміз. Өкінішке қарай, күдіктеріміз расталды. Баланың денесі Мұқаншы өзенінен табылды. Полиция департаменті марқұмның отбасына көңіл айтады. Барлық ересектерді (ата-аналар мен қамқоршыларды) балаларға мұқият болуға, оларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Сіздің зейініңіз бен қамқорлығыңыз осындай қайғылы оқиғалардың алдын алуға ықпал етуі мүмкін",- деп хабарлады облыс ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары