19.09.2024, 11:40

Солтүстік Қазақстанда анасы сабақ оқымаған қызын пышақтап тастаған

Фото: pixabay.com

Жасөспірімнің жағдайы ауыр.

Солтүстік Қазақстан облысында анасы қызы сабағын оқымағаны үшін пышақтаған. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Алдын ала болжам бойынша анасы 11 жастағы қызы сабағын оқымағаны үшін пышақтаған. Қыз бала аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр", - дейді Зәкиева.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Комиссия құрылып, сараптама жүргізіле бастаған. 

"Бұл іс СҚО бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жеке бақылауында", - дейді Зәкиева.