$ 504.44  545.65  5.95

Ер адам үйлену тойынан 2 ай өткен соң әйелін электрлі арамен өлтірген

Ерлі-зайыптылар медицина саласында жұмыс істеген.

Фото: ankaramasasi.com.tr
Фото: ankaramasasi.com.tr

Түркияда үйленгендеріне екі ай болған ерлі-зайыпты Халит Жан мен Севжан Демир Сакманның отбасылық өмірі қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аnkaramasasi басылымының мәліметінше, үйлену тойынан кейін ерлі-зайыптылар қаржылық қиындықтарға тап болып, жиі ұрыса бастаған. Сондай жанжалдардың бірінде Халит Жан әйеліне электрлі арамен шабуыл жасаған. Ол ара қолдануына, жары Севжанның пышақпен қорқытқаны себеп болған.

Ер адам әйелінің мойын тұсынан ұрған. Онымен қоймай, әйелін өлімші етіп сабаған. Айғайлаған дауысты естіген көршілер полиция шақырған. Әйелдің денесі Анталия медициналық орталығының мәйітханасына жеткізілді. Севжанның анасы Хавва Юнай қызы жатқан аурухананы келіп, енді қалай өмір сүремін, баламды өлтіріп тастады, деп жылаған.

Ерлі-зайыптылар медицина саласында жұмыс істеген. Халит Джан мейіргер, Севжан мейірбике болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары