12.03.2025, 13:40

Әке-шешемді кешірдім деген не сөз? – Нұрлан имам жастарға ескерту жасады

Фото: видеодан алынды

Имам оқырманының сауалына жауап берді.

Ел арасында белгілі Нұрлан имам желіде оқырмандарының кезекті сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы имам ата-ананы құрметтеуге қатысты шариғат тұрғысынан мысалдар келтіріп, оқырманының сауалына жауап берді.

"Әке-шешемді кешірдім. Үш айлығымда әжеме қалдырып кеткен. Отыз жылдан кейін келіп кешірім сұрады" деп ағынан жарылған оқырманына имам шариғат тұрғысынан өз кеңесін айтты.

"Әке-шешені кешіру деген не сөз? Шариғат тұрғысынан ойласаңыз, сізге өмір сыйлаған адамға кешірдім деген не сөз? Сізді бақты, бақпады – ол екінші мәселе. Психологтарға барудың да жөні бар", - деп жауап берді Нұрлан имам.