18.08.2014, 06:00

Қазақстанда жұмыссыздар саны 463 мың адамды құрады

Сурет: bnews.kz

2014 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 463,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,1% құрады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз-қызметі мәлімдегендей, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2014 жылғы шілденің соңына 59,2 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,3%-ын құрап отыр.

Жалпы 2014 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 62647 теңгені құрады, бұл 2013 жылғы маусымға қарағанда 11% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,7% өсті.

«2014 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 124780 теңгені құрап, 2013 жылғы маусымға қарағанда 13,5% өсті. Нақты жалақы индексі 2013 жылғы маусымға 106% құрады», делінген хабарламада.