$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте ірі жол көлік оқиғасынан 9 адам зардап шекті

Жол көлік оқиғасы 3 сәуірге қараған түні Шымкенттегі Арғынбеков пен Бәйтерек көшелерінің қиылысында орын алды. «Mq350» мен «Дэу Нексия» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан 9 адам дене жарақаттарын алған. Олардың арасында кішкентай балалар да бар деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметінше, екі көліктің де жүргізушісі мен Нексияның 9 жолаушысы түрлі дәрежедегі жарақаттар алып, барлығы ауруханаға жеткізілген. Араларында 17 жастағы жасөспірім, 13 және 10 жастағы екі жеткіншек бала, сондай-ақ, 4 жасар сәби де бар.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыптұраққа жөнелтілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер жол-көлік оқиғасының орын алу барысын анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары