$ 443.85  474.3  4.8

Дін істері министрі парамен ұсталған қызметкерінің білікті маман болғанын айтып отыр

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жуырда ғана парамен ұсталған өз қызметкері Бауыржан Мусинге оң бағасын берді. Министрдің айтуынша, ол жұмысына берілген білікті маман болған.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мамандары Б.Мусинді 400 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұстаған болатын. Оған жалпы көлемі 1,4 млн теңге пара алды деген айып тағылып отыр.

Министр Ермекбаевтың айтуынша, Бауыржан Мусиннің мемлекеттік тапсырыстар мен гранттарды үлестіруге құзыры болмаған. Ол басқаратын ведомство жарты жыл бұрын ғана құрылғандықтан, материалдық-техникалық жабдықтарды сатып алу жұмыстарын жылдам өткізгісі келген көрінеді.

"Бәлкім осындай асығыстық кезінде, министрліктің материалдық базасын қалыптастыру жұмыстарын жылдамдату мақсатында ол заңсыздықтарға, қателікке жол берген шығар. Жалпы, ол білікті, ісіне адал қызметкер ретінде өзін көрсеткен. Уақытпен санаспай, жұмыста түнге дейін отырып ісін атқаратын", - дейді Нұрлан Ермекбаев.

Ұлттық бюро мамандарының айтуынша, Мусин мемлекеттік сатып алуларға қатысатын компаниялардан үнемі пара алып келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары