Оқиға 5 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында орын алған. 16 жастағы жасөспірімнің өлімі оттан бөлінген улы газдан көз жұмыпты.
Оқиға орнына келген мамандар үйдегі газ қондырғысының дұрыс орнатылмағанын анықтаған. Қайғылы жағдайдың орын алуына да осы жайт себеп болды дейді олар. Айтуларынша, жуыну бөлмесіне орнатылған су жылыту қондырғысының құбыры техникалық талаптарға сәйкес келмейді екен.
Осыған байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері газ қондырғыларын орнатуда, пеш салуда қауіпсіздік техникаларын қатаң сақтауды сұрап отыр. Өйткені, дәл осы себептерден соңғы екі жылда өңірде бірнеше жарылыс орын алған болатын.