Астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасында 2016 жылы туған сәби бүйрек циррозынан қайтыс болды. Елордалық прокурорлардың айтуынша, ауруханаға түскенге дейін баланы ата-анасы қытай медицинасына негізделген жекеменшік клиникаға апарып емдеткен екен.
"Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында сәбидің ата-анасы тәуіптерге, қытай медицинасымен айналысатын жекеменшік клиникаға барып, баласының ағзасындағы лейкоциттерді төмендету үшін 5 күн бойы тамыры арқылы инфузия қабылдаған. Ал, үйінде Қытай өндірушілерінің биологиялық белсенді қоспаларын күніне екі таблеткадан беріп отырған", - дейді Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.
Тергеу амалдарын аяқтаған прокурорлар аталған клиниканы лицензиясынан айыруды талап етіп отыр. Бұл талап қазір сотта қаралуда.
"Сот шешімімен заңды тұлға ҚР Әкімшілік кодексінің 426-бабы 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 294 970 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, 463-баптың 1-тармағы бойынша 56 725 теңге айыппұл салынды", - дейді прокурорлар.