$ 447.4  477.55  4.76

Қызылордадағы балабақшада тәрбиешінің сәбиді ұруы видеокамераға түсіп қалған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің кішкентай баланы жұлқылап, шапалақпен ұрған сәті түскен видеоролик жарияланды. Оқиға Қызылорда қаласында орын алған деп жазады Tengrinews.kz.

Қазіргі таңда қалалық білім бөлімі аталған деректі тексеруге кірісіп кетті. Белгілі болғандай, оқиға №3 мектеп-лицейі жанындағы "Бибіжар ана" балабақшасында орын алған. Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері Жанат Мұхаметқалиеваның айтуынша, баланы ұрған тәрбиеші бүгінде жұмыстан өз еркімен шығып кеткен екен.

"Бұл оқиғаның нақты қашан болғанын әлі білмейміз. Енді ғана тексеруге кірістік. Балабақшаның меңгерушісі баланы ұрған тәрбиешінің жұмыстан шығып кеткенін айтты", - дейді Мұхаметқалиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары