$ 444.22  476.38  4.82

Алматы облысындағы 8 жасар қызды педофилден мектеп оқушысы құтқарып алған (ВИДЕО)

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында 8 жасар қызды педофил зорлады деген жаңалық кешегі апта жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Алайда, медициналық сараптама оқушының зорланбағанын анықтады. Яғни, қаскөй өзінің арам ойын жүзеге асырып үлгермеген. Ал, оның ауыр қылмыс жасауына мектептің жоғары сыныбында оқитын жеткіншек бала кедергі келтіріпті.

Бұл туралы Ислам Кураев есімді әлеуметтік желі қолданушысы өз парақшасында жазып, видеоматериалын жүктеді.

"Мен оның тек есімін ғана білемін, оны аты - Тимур. Мен оны әлі көрген де жоқпын, бірақ игі іс атқарғанын білемін. 14 сәуір күні кешкі сағат алтыда Қонаев атындағы мектептің жоғары сынып оқушысы үлкен қасіреттің орын алуына жол берген жоқ. Ол өз өмірін бәске тіге отырып, кішкентай қызды педофилдің қолынан тартып алды, зорлауына жол берген жоқ. Бұл жігіттің батыр екенін ел білуі керек", – деп жазды Ислам Кураев өз парақшасында.

Еске салайық, сол оқиғадан кейін сұхбат берген жәбірленуші қыздың әкесі оқиғаға куә болғандар көп болса да ешбірі көмекке келмегенін айтқан болатын. Тек жас жігіт араға түсіп, бүлдіршінді педофил қолынан арашалап алған. Тіпті, полицейлерге күдіктіні ұстауға да көмектесіпті. Қазір 32 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті азамат кішкентай қызды мектептен қайтып келе жатқанында күштеп алып кеткен. Жолай ұрып-соғып, тіпті, көпірден де құлатыпты. Оқушыға медициналық көмек көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео