$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да аса ірі көлемде героин сатпақ болған екі тұрғын қолға түсті

Оңтүстікқазақстандық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының мамандары аса ірі көлемде героин затын сатпақ болған екі күдіктіні қолға түсірді деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлерге аталған қылмыстың болатыны жайында сенімді дереккөздерден алдын ала хабар келіп түскен екен. Шұғыл ұстау операциясын жүргізген тәртіп сақшылары 1969 және 1970 жылғы күдіктілерді Шымкент-Ташкент тас жолының бойынан дәл қылмыстың үстінен ұстады.

Автокөлік салонын тінту кезінде күдіктілерден 7 пластмасс ыдыстағы героин затына ұқсас есірткі затын тәркіледі. Сот-криминалды сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 7,5 кг құрайтын «героин» есірткі заты екені белгілі болды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда полицейлер есірткі затының Оңтүстік Қазақстан облысына қандай жолмен келгенін анықтау мақсатында жедел шаралар жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары