$ 498.34  519.72  4.85

Петропавлда полиция көлігі 9 жасар баланы қағып кетті (ВИДЕО)

Петропавлда полицейлер мінген көлік 9 жасар баланы қағып кетті деп жазады Tengrinews.kz. Жол көлік оқиғасы болған сәт куәгерлердің бірінің видеотіркеуішіне жазылып қалған.

Видеокадрлардан байқағанымыздай, полиция көлігі бағдаршамнан оңға бұрылған. Сол сәтте жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен велосипедке мінген кішкентай бала өтпек болады. Тәртіп сақшылары тоқтап үлгере алмай, оны қағып кетті.

"Сағат кешкі 19:28. Біздің баламыз бағдаршамның жасыл түсіне өтпек болғанда оны полиция көлігі қағып кетті. Бала қазір түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Омыртқасы жараланған, бүйрегі езілген, денесінің көп жеріне қан ұйып қалған. Әліге дейін өзі отырып, өзі жүре алмайды. Қатты қорқып қалыпты. Полицейлер болса жазадан құтылу үшін түрлі шараларға баруда. Тіпті, істі жауып тастамақ болды. Біз оларды жазасыз қалады ма деп қорқып отырмыз", - дейді баланың әкесі Әділ Шарипов.

Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, бұл оқиға 29 сәуір күні орын алған екен. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары