$ 498.34  519.72  4.85

Астанада 6 жасар қызды зорламақ болған күдікті 2 айға қамауға алынды

Астанада алты жастағы қызды зорламақ болды деген күдікті қамауға алынды деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

"Күдіктіге қатысты сот қамауға алу туралы үкім шығарды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұл оқиға 3 мамырда болған еді. Астана қаласының жаңа вокзалының құрылыс аумағындағы жұмысшылардың бірі Асқар Қажығұмаров су қоймасына қарай құрылыстың маңынан өтіп бара жатқан ер адам мен кішкентай қызды байқаған. 22 жастағы жұмысшы Асқар Кенжеғұмаров әріптестерімен бірге қызды зорламақ болған күдіктіні ұстағаны туралы айтып берді. Жұмысшылардың барлығы жаңа вокзалдың жылу жолын салып жатқан. Оқиға Нәжімеденов және №82 көшелерінің қиылысында болған.

"2011 жылы туған кәмелет жасына толмаған қызды сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға әрекеттену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабына сәйкес жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 48 жастағы күдікті бұрындары сотталған, қазіргі уақытта Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған", - деді Астана ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары