$ 498.34  519.72  4.85

Түркістанда 7 жасар балаға жыныстық азғындық көрсеткен күдікті асылып қалған

Түркістанда 7 жасар балаға жыныстық азғындық көрсетті деген ақпарат әлеуметтік желілерде мамыр айының басында тараған болатын. Фоторобот арқылы жасалған күдіктінің суреті де Интернетті тез шарлап кетті. Белгілі болғандай, педофилдік әрекет жасады деп күдікке ілінген ер азамат полицияның қолына түспей жатып асылып қайтыс болыпты.

Бұл туралы редакциямызға хабарласқан жәбірленушінің туыс ағасы мәлімдеді. Оның айтуынша, полицейлер күдіктінің мәйітін 9 мамыр күні тапқан.

«Оқиға 30 сәуір күні кешкі сағат 17:30 шамасында орын алды. Күдікті ер адам 1 сыныпта оқитын баланың үйде жалғыз екенін пайдаланып, "энергосеть" мекемесінің қызметкерімін деп алдап үйге кірген. Аулада ол балаға жыныстық азғындық көрсетіпті. Бірақ, зорламаған. Кейін оқиға орнына келген полицейлер тексеру барысында үйдің кіреберіс бөлмесінен еркектің шәуетіне ұқсас затты анықтап, сараптамаға алып кетті. Баланың киімінен де оның сілекейі анықталды» — дейді 7 жасар баланың туысы.

Полицейлер күдіктінің ізін суытпай ұстай алмаған. Іздеу жұмыстары барысында тәртіп сақшылары оның асылып қалған мәйітін тауыпты.

«Шатаспасам, мәйіті 9 мамыр күні табылған, содан бір күні бұрын асылып қалған болуы мүмкін. Біздің отбасымен таныс емес, бірақ сол жәбірленген інім тұратын үйден бір көше ары тұрады екен. Өзінің жасы 37-де, алты баласы бар. Білуімізше, бұрын сотталмаған, психикалық ауытқушылығы жоқ. Вахталық жұмыста еңбектенген. Қазір енді мәйітін тексеруге алып кеткенін ғана білеміз. Бала өзін азғырған адамды бірден таныды. Сол екеніне күмәніміз жоқ» — дейді түркістандық тұрғын.

Қазіргі таңда жәбірленген бала толықтай медициналық тексеруден өтіп, денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ екені анықталыпты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары