Нью-Йорк полициясында жұмыс істейтін Шымкент тумасы Димаш Ниязовқа ерен еңбегі үшін ерекше жетон берілді. Бұл туралы Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан өзінің Facebook-парақшасында жазды.
"Нью-Йоркте менің әріптесім Димаш Ниязов жайында тағы айта бастады. Қазақстанның тумасы қызметте көрсеткен ерен еңбегі үшін ерекше жетонға ие болып отыр. Димаш жергілікті наркобаронды ұстап, әріптестерінен қарағанда Бруклиндегі қылмыс санын азайтқан. Қараңыздар, жетонда АҚШ жалауымен бірге Қазақстанның да көк туы тұр. Димаш, сені осы марапатыңмен құттықтаймын", - деп жазды Данияр Мейірхан.
Димаш Ниязов - Нью-Йорк полицейі, Шымкент қаласының тумасы. 13 жасында ол ата-анасымен бірге Қазақстаннан АҚШ-қа көшіп кеткен. Үш жылдан бері құқық қорғау қызметінде, әйгілі Бруклин ауданындағы бір бөлімге жауапты. 2017 жылдың басында ол Нью-Йорктің ең үздік полицейі атанды.