Қоғам 05.06.2017 сағат 10:42

Қызылорда облысында 12 мың гектар алқапты шегіртке жайлады

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 12 мың гектар жерді италиялық прус шегірткесі жайлады. Азық талғамайтын жәндіктер негізінен құмды аймақтарда төбе көрсеткен деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгінде өңірде аталған зиянкестерге қарсы жаппай улау жұмыстары жүріп жатыр. Қазір Қазалы өңірінде қаптаған шегірткенің көзін жоюға 4 арнайы техника мен 1 дельтаплан тартылған. Енді 10 күннен кейін азиялық шегірткеге қарсы химиялық дәрілеу жұмыстары басталады. Жалпы облыс бойынша өткен жылы 161 мың гектар жер залалсыздандырылса, биыл бұл көлем 8 мың гектарға дейін азайтылды.

Айта кетейік, осынау зиякестермен күрес Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар