06.06.2017, 09:09

Атыраулық прокурор алаяқтықпен айналысқан

Атырау қалалық прокуратурасының бұрынғы қызметкері алаяқтық үшін төрт жарым жылдам астам уақытын түрмеде өткізеді; заңгердің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркілеуге жетед,  деп жазады Sputnik-Қазақстан Атырау қаласы №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлға жасаған алаяқтық бойынша қылмыстық іс қаралды.

Атырау қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1),2) тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлімі, 190-бабының 3-бөлімі 1),2) тармақтарымен айыпталған Г.А-ға, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса үшін қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы К.А. Атырау қаласы прокуратурасының сот актілерін заңдылықтарын қадағалау бөлімінің прокуроры міндетін атқарып, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам  бола тұра алаяқтық және сенімге қиянат жасаумен, сонымен қатар оған қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатқан жәбірленуші Б.-ны қорқытып, жаза жөнінде өзі шеше алмайтынына көзі жете тұра, істің оң шешімін табуына уәде беріп, жәбірленушіден 2 миллион теңге талап еткен. Жәбірленуі прокуратурада жұмыс жасайтын К.А.-ның айтқандарын толық сеніп, оның қылмыстық пиғылын сезбестен оған 2 миллион ақша берген.

Жәбірленушіге қатысты үкім шыққанына қарамастан және 2 миллион ақша алғандығымен тоқтамай К.А. өзінің қылмыстық әрекетін жалғастырып, жәбірленушіні қорқытып, одан тағы да 2 500 000 теңге талап еткен.

Жәбірленуші К.А.тарпынан көрсетілген қысымнан қорқып,өзін алдап жүргенін сезіп, К.А.-ның заңсыз әрекеттерін тоқтату үшін амалсыздан құқық қорғау органдары қызметіне арызданған.

Сот үкімімен Г.А. Қазақстан Республикасы 190-бабының 3-бөлігінің 1),2) тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлімі, 190-бабының 3-бөлімі 1),2) тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша  4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы,  жеке меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алған мүлкін мемлекет кірісіне мүлкін тәркелеумен, 2 сынып заңғер кластық шиннен айыру және өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалған.