$ 448.15  483.46  4.86

Алматы облысында көктемгі егіс науқаны аяқталды

Көктемгі егіс науқаны Алматы облысында толығымен аяқталды деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы көктемгі егістік алқабының көлемі 610,2 мың гектарды құрады. Суару жүйелерін қалпына келтіру есебінен бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19,1 мың гектарға артты.

Атап айтқанда, 231,4 мың гектарға дәнді дақылдар, 164,6 мың гектарға майлы дақылдар егілген. Сонымен қатар облыстың басымдық беретін қант қызылшасы мен жүгеріге биыл да ерекше мән берілді. Тұқым себуден өнім жинауға дейінгі шаруалардың алдынан шығатын мәселелерінің барлығына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Сапалы тұқыммен қамтамасыз ету, субсидия бөлу, сервистік-дайындау орталықтарын құру арқылы қажетті техникамен қамту, жиналған өнімді тиімді бағада өткізу ісінің барлығы да жолға қойылған. Соның нәтижесінде былтырғы жылы өңірде 6, 4 мың гектарға қант қызылшасы себілсе, биылғы жылы оның көлемі 9 мың гектарға жеткізіліп отыр. Ал дәндік жүгерінің алқабы 2016 жылы 71,1 мың гектар болса, биылғы жылы 78,6 мың гектарды құрады. Бұдан бөлек көкөніс, картоп, күріш те себіліп болды. Көктемгі егіннің жоспарланған ауқымы толық орындалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары