$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда бойжеткен қыз арықтың суына тұншығып қайтыс болды

Алматыда 23 жастағы жас қыз арықтың суына тұншығып қайтыс болды деп жазады Tengrinews.kz. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысында орын алған.

"Жас қыз арыққа құлаған. Мына жерде адамдар тоқтап көмектесті. Мен кинодан келе жатқанмын. Абыр-сабыр болып кетті. Судың деңгейін төмендету үшін арықты жапты, қызды тартып шығарғысы келді", - деп жазды куәгерлердің бірі Instagram әлеуметтік желісінде.

ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та аталған оқиғаны растады.

"Алматыда 7 маусымда таңғы сағат 04:30-да Медеу ауданында Әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысында ТЖД мамандарының күшімен арықтан 1994 жылғы қыздың денесі табылып, шығарылып алынды", - деді Иманқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары