$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанның үш қаласында жүргізуші куәлігін ХҚКО-дан алуға болады

Алматы мен Астанада және Шымкентте дайын жүргізуші куәлігін бұдан былай кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметіхабарлап отыр.

Мамандардың айтуынша, енді аталған құжатты алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға барып, ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ. Бұл үшін жаңа жүргізуші куәлігін ресімдеу кезінде клиент өтініш толтырып, онда дайын құжатты алу ыңғайлы болатын бөлімнің нөмірі мен мекенжайын көрсетуі тиіс.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ өндіріс қызметін үйлестіру жөніндегі басқарушы директоры Шоқан Әбділмановтың айтуынша, пилоттық жоба қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге және мамандандырылған ХҚКО-лардағы кезекті азайтуға мүмкіндік береді.

"Астана, Алматы және Шымкент - жаңа жүргізуші куәлігін алу үшін азаматтардың көптеген саныжүгінетін үлкен қалалар екенін білеміз. Бүгінгі күннен бастап олар дайын құжатты алу үшін кезек күтпейтін болады. Олар оны мамандандырылған ХҚКО-да берілген қолхатты көрсетіп, өздеріне ыңғайлы кез келген ХҚКО-да ала алады", - деді ол.

Әбділманов қазіргі уақытта Қазақстанда 12 мамандандырылған ХҚКО - Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодарда, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе және Шымкент қалаларында, сондай-ақ екі мамандандырылған ХҚКО секторы Алматыда және Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жұмыс істейтінін айтып өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары