$ 498.34  519.72  4.85

Астанада шетелдік туристен 40 мың теңге алған такси жүргізушісі жұмысынан қуылды

ЭКСПО көрмесін көру үшін Астанаға қонаққа келген венгр азаматын әуежайдан Желтоқсан көшесіндегі қонақ үйге дейін 40 мың теңгеге жеткізіп салған такси жүргізушісі жұмысынан қуылды.

"Шетелдік азаматпен болған оқиғадан кейін жүргізушімен келісімшарт үзілді. Ол қазір аталған таксопаркте жұмыс істемейді", - деді Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиев Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәжілісінде.

Оның айтуынша, тіркелген такси қызметі ортақ тариф бойынша қызмет көрсететін болады. Егер такси жүргізушісі таксометрді қоспаса онда клиент жол ақысын бермеуге құқылы.

"Астанадағы барлық таксомоторлы компаниялардың басшыларын жинап, келісімге келдік. Бұдан былай ортақ тариф белгілеп, сол бойынша қызмет көрсететін боламыз. Компания басшыларымен келісімге қол қоямыз, олар бағаны шектеуден асырмауға уәде беріп отыр. Таксидің тарифі туралы ақпаратты әуежай мен вокзалдарға, қонақ үйлерге іліп тастаймыз, туристер артық ақша төлемеуі қажет", - дедә ол.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын астаналық такси жүргізушілерінің бірі Венгриядан келген туристен 40 мың теңге аламын деп, басы дауда қалған болатын. Оның үстінен алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары әлі жалғасып жатыр. Жүргізушінің өзі болса венгр азаматына 40 мың теңгесін қайтарып берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары