$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда баспана бағасының арзандауы жалғасып жатыр

Қазақстанда баспана бағасы арзандап келеді. Әсіресе, жаңа салынған үйлердегі пәтерлердің құны айтарықтай төмендеп отыр деп жазады Ranking.kz порталының сарапшылары.

Портал мәліметіне сүйенсек, биыл қаңтар-мамыр айларында еліміз бойынша баспана бағасы орта есеппен 2,3 пайызға арзандаған. Бұл өз кезегінде сатып алушылардың белсенділігін арттырып отыр. Мәселен, осы уақыт аралығында сатылған баспана саны былтырмен салыстырғанда бірден 30 пайызға артқан.

Ал, соңғы бір жылда жекеменшік үйлердің бағасы - 3,1 пайызға, элиталық үйлер 2,9 пайызға арзандаған. 2013 жылдан бері мұндай үйлер тек қымбаттап келген болатын.

Жалпы, 2017 жылдың алғашқы 5 айында пәтер сатып алу бойынша 63 мың келісімшарт жасалған. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 14,4 мыңға көп.

Биыл әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысында баспана нарығы аса белсенділік танытты. Мұндағы сатылым көрсеткіші бірден 57 пайызға өскен. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында - 53 пайызға, ШҚО-да 44 пайызға артып отыр. Ал, ең төменгі көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында. Мұнда үй сатылымы небәрі 3 пайызға ғана артқан.

Сарапшылардың мәліметінше, мамыр айында еліміздегі пәтерлердің орташа құны 1 шаршы метрі үшін 249 мың теңгені құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары