$ 498.34  519.72  4.85

«Халық банк» «Қазкоммерцбанктің» 96,81% акциясын сатып алды

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Қазкоммерцбанк» АҚ-ны ақыры сатып алды. Бүгін Qazkom-ның басшысы Кеңес Рақышев банктің акцияларын сатып алу және сату туралы кұжатқа қол қойды деп хабарлайды «Халық банктің» бапсасөз қызметі. Акция пакеттерінің әрбірі небәрі 1 теңгеге бағаланған.

Құжатқа Кеңес Рақышевпен бірге банктің ірі акционерлері де қол қойған. Енді келісімшартта көрсетілген мына міндеттер орындалуы тиіс:

- Проблемалық Кредиттер Қоры БТА Банктің бірқатар активтер мен қарыздарын сатып алуы;

- БТА Банк Қазкоммерцбанк алдындағы 2.4 триллион теңге берешегін өтеуі;

- Қазіргі таңда Qazaq Financial Group, Субханбердин мырза және Орталық-Азия Инвестициялық Компаниясы иелік ететін акцияларды (соның ішінде, жай акцияларға қатысты шығарылған жаһандық депозитарлық қолхаттар үлгісінде) Кеңес Рақышевтің сатып алуы;

- Қазақстандағы тиісті реттеуші органдар және белгілі бір басқа да құзіретті орындардан стандартты реттеуші мақұлдамасын алуы.

Қазіргі уақытта мәміленің аяқталуы 2017 жылдың үшінші тоқсанында деп күтілуде.

Мәміле аясында және алдын ала талаптар орындалғаннан кейін сатып алынатын жай акциялар пакетіне төленген сатып алу құнына қосымша «Халық банк» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген реттеушілік талаптарға сәйкес Казкоммерцбанкті 185 млрд. теңгеге қосымша қаржыландырады.

Мәміле өз мәресіне жеткеннен кейін, Халық тобы ауқымды бөлімше желісімен, банкоматтар және POS-терминалдармен, банктік, сақтандыру және брокерлік, сондай-ақ активтерді басқару сегментінде қызметтер және өнімдер желісін толық ұсынатын, барлық клиенттік сегменттерде негізгі орын алатын қазақстандық қаржы секторында көшбасшы қаржылық тобы бола алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары