$ 498.34  519.72  4.85

Алматының бай-бағландары салық органдарына 36 млн теңге қарыз

Алматыдағы элиталық коттеджердің иелері жылжымалы мүлік салығын төлеуден жалтарып жүр деп хабарлады Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы. Бай-бағландардың мемлекет алдындағы берешегі 36 миллион теңгеден асып кеткен.

"Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мүлік пен жер салығына деген тұрғындар қарызын өндіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда элиталық үйлер мен пәтерлердің салықтық қарызы 36,2 миллион теңгені құрап отыр. Мәселен, Көктөбеде 132,6 миллион теңге тұратын зәулім үйдің иесі бюджетке 1,6 миллион теңге төлеуі тиіс. Мұндай мсалдар өте көп. Сондай-ақ, борышкерлер тізімінде бір басында бірнеше пәтері бар азаматтар да бар", - дейді салық органының мамандары.

Қарызы бар дәулетті алматылықтар 1 шілдеге дейін берешегін өтеуі керек. Болмаған жағдайда салықшылар істі сотқа өткізіп, ақшаны мәжбүрлеп өндіреміз деп отыр. Сондай-ақ, борышкерлердің барлық банктік есептері бұғатталып, шекарадан шығуына тыйым салынады. Бұдан бөлек, салық төлеуден жалтарып жүргендердің аты-жөндері жария етіледі. Олардың қатарында елге танымал азаматтар да бар көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары