Жамбыл облысында көлікте болған өрттен екі жасар сәби қаза тапты деп жазады Tengrinews.kz порталы ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.
Оқиға 18 маусымда сағат 11:30-да Жамбыл ауданындағы Ерназар ауылында болған. Жеке тұрғын үйдің ауласында "ВАЗ-2105" маркалы көлігі өртеніп кеткен.
"Өрт салдарынан 3-4-ші дәрежелі күйік шалған, денесінің 90 пайызы күйіп, Тараз қалалық № 2 ауруханасына 2015 жылғы қыз бала түскен. Ол 22:35-те қайтыс болды. Өртті үйдегілер өз күшімен сөндірген. Өрт сөндіру қызметіне төтенше жағдай туралы хабар түспеген", - деді Жамбыл облыстық ТЖД өкілдері.
Куәгерлер мәліметінше, бала көлік ішінде сіріңкемен ойнап отырған.