$ 444.22  476.38  4.82

Ұсталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің әйелі мәлімдеме жасады

Өткен аптада арнайы жасақ өкілдері ұстаған танымал кәсіпкер Мұрат Тоқмәдидің әйелі Жәмилә Айымбетова-Тоқмәди күйеуінің қамауға алынуына байланысты мәлімдеме жасады.

"Біздің пәтерде тінту жұмыстарын жүргізгенде мен жалғыз болдым. Менің өтінішіме қарамастан маған не адвокат, не туыстарымды жіберген жоқ. Тінту жүргізген жедел уәкілдердің бірі маған қысым көрсетіп, қорқытты. Ал, мен күйеуіме қарсы куәлік бермеймін деп заңды құқығымды пайдаланып едім, Мұратханға көмектескенім үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынымды айтты", - деп жазды Жәмилә Айымбетова-Тоқмәди өзінің Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, Мұратхан Тоқмәдидің үстінен қылмыстық істің қозғалуына оның бұрынғы серіктесі Сергей Непропекиннің арызы себеп болған. Сергей мен Мұратхан 2003 жылы бірге "КазСтройСтекло" компаниясын құрған.

"Компанияны құрғаннан кейін арада бірер жыл өткенде менің күйеуім үлестің бәрін толығымен өзіне сатып алды, оны айғақтайтын құжаттары да бар. Олар кешеге дейін дос болып араласып жүрді. Бірақ, аталған азамат өзінің арызында менің күйеуім компаниядағы үлесті сатуға мәжбүрледі деп көрсетіпті. Мен өз күйеуімді 20 жылдан бері жақсы білемін, ол 14 жыл бұрын Сергей Непропекиннен ешқандай үлесті күшпен тартып алған жоқ, оған қарсы күш қолданған жоқ", - дейді күдіктінің әйелі.

Оның айтуынша, Мұратхан Тоқмәди Әблязовпен де, Дүтбаевпен де ешқашан таныс болмаған.

"Ол ешқашан тапсырыспен адам өлтірмеген және ауыр қылмыстар жасамаған. Бұл өтірікті растайтын ешқандай дерек жоқ. Ол тек өз бизнесімен ғана айналысты. Оны қандай да бір саяси жағдайларға байланыстыру - ойдан құрастырылған әрекет. Мұратхан ешқашан мұндай саяси жағдайларға араласпаған", - деді Жәмилә Айымбетова-Тоқмәди.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары