$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан жауынгерлері Сириядағы соғысқа аттануы мүмкін

Ресей билігі Сирияда болып жатқан азаматтық соғысқа Қазақстан мен Қырғызстанның сарбаздарын да қатыстырмақ ниетте. Қазіргі таңда тараптар келіссөздер жүргізіп жатыр деп мәлімдеді Мемлекеттік Думаның қорғаныс жөніндегі комитетін басқаратын депутат Владимир Шаманов РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында.

«Қазіргі таңда Ресейдің әскери полициясы Сириядағы шиеленісті шешуге атсалысу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, біздің Қазақстан мен Қырғызстан секілді әріптестерімізге де Сирияға жауынгерлерін жіберу мәселесі ұсынылды. Қазір бұл ұсыныс талқыланып жатыр. Әзірге шешім қабылданған жоқ», — деді Шаманов.

Айта кетейік, 22 маусым күні Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын Сирияның қауіпсіз аймақтарына Қазақстан мен Қырғызстанның әскерилері келуі мүмкін екенін айтқан болатын. Мұндай бастаманы Ресей билігі көтеріпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары