ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, келесі жылдан бастап Қазақстан азаматтық авиацияны толығымен отандық керосинмен қамтамасыз етсе, ұшақ билеттерінің бағасы арзандауы әбден мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бізге жыл сайын 800 мың тонна авиакеросин керек. Қазіргі кезде Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыты тек 300 мың тоннаны беріп отыр. Сол себепті Ресейден сатып алуға мәжбүрміз. Ол өнімнің бағасы 30-40 пайызға қымбат. Ал осының бәрін өзіміз өндірсек, билеттің бағасы да арзандайды. Себебі билеттің бағасының 30-35 пайызы - керосиннің құны. Демек, керосиннің бағасы түссе, билеттің құны да арзандайды», - деп атап көрсетті Қасымбек журналистерге берген сұxбатында.
Айта кетейік, отырыс барысында министр келесі жылдан бастап азаматтық авиация отандық керосинмен толығымен қамтамасыз етілетінін жеткізді.