Ресейлік КВН жұлдызы, "Пятигорск" командасының капитаны Ольга Кортункова күні кеше Астанада мәресіне жеткен КВН Жазғы кубогінің нәтижесін әділетсіз деп бағалады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.
"Жанкүйер болып, бізді жақсы көрген жанкүйерлердің бәріне рахмет. Ойын болғандықтан осылай болады, мұны мойындау керек. Біз тек жеңіліп үйренбегенбіз. Бірақ, бұған да көну керек, бұл бізге қайта ерік-жігер береді. Біз бәрінен мықты болмаған шығармыз, бірақ ешкімнен кем болған жоқпыз. Жарайды, бәлкім осылай болуы керек шығар, баршаңызды жақсы көремін!", - деп жазды Кортункова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Астанада өткен Жазғы кубокті астаналық "КаZахи" командасы жеңіп алған болатын.
Ойынның қорытындысы бойынша Пятигорск қаласы - 10,2 балл (4-орын), «Азии MIX» - 11,1 балл (3-орын), Камызяк аймағының құрамасы 11, 8 балл (2-орын), «Каzахи» командасы - 12 балл (1-орын) жинады. КТК-2017 жазғы кубогы нақ осындай нәтижемен аяқталды.