Көлікте келе жатқан үш мас ер кісі полицейлердің тоқтатуына бағынбай, одан кейін шығып тәртіп сақшыларымен төбелесе кеткен. Көп ұзамай ұсталған үшеудің Өзбекстан тумалары екені және олардың екеуінің Қазақстан азаматтығын алғаны белгілі болды.
Оқиға сенбіден жексенбіге қараған түні болған. Жүргізушісі ішкен болуы мүмкін деген күдікпен, Мерседес көлігін полицейлер тоқтатпақ болған кезде қымбат көлік мінгендер қаша жөнеліпті. Қала шетіне тоқтаған көліктің ішінен үшеу шығып, артынан жеткен 2 полицейді тепкінің астына алған. Осының кесірінен погондар жыртылып, формалары қанға боялған.
Бұзақыларды оқиға орнына жеткен өзге полицейлер әзер дегенде сабасына түсіріп, қолдарын байлапты. Медициналық сараптамадан кейін белгілі болғаны, үш жігіт те спирттік ішімдікке тойып алған екен. Ал, жәбірленген полицейлер қазір жұмыстарына кірісіп кеткен. Олардың қаншалықты жарақат алғандары енді белгілі болады.
Полицейлерді соққыға жыққан үшеу қазір тергеу абақтығыснда жауап беріп жатыр. Погондылар оларға қатысты 2 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған. Өткен іске өкінетінін айтқанымен полицейлер үшін жуан жұдырықтыларды жазалау ардың ісі болып тұр.