10.07.2017, 06:33

Қостанай облысында 1,5 мың қой мен қойшының өртеніп кетуіне найзағай себеп болған

Қостанай облысында 1500 қой мен қойшының өртенуіне қатысты жаңа деректер анықталды деп хабарлады Хабар-24 телеарнасы.

Найзағай түскеннен кейін өрт лап берген. Жайылымдағы мал өртене бастағанын көрген қойшы оларды құтқармақ болғанында өзі де отқа оранған. Оның артында 8 баласы қалды.

Еске салайық, оқиға Қостанай облысының Жангелді ауданында орын алған болатын.