$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда мас жүргізуші 34 жастағы әйелді қағып кетті

Алматыда жолдыан өтіп жатқан 34 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Алған ауыр дене жарақаттары салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған деп мәлімдеді СТВ телеранасы.

Жол көлік оқиғасы Шаляпин көшесінің бойында, Саин көшесімен қиылысқа жақын маңда орын алды. Марқұм жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа 10-15 метр жетпей жолды кесіп өтпек болған екен. Сол кезде оны жүйіткіп келген BMW атокөлігі қағып кеткен. Соққының қатты болғаны сонша, әйел бірнеше метрге дейін ұшып кетіп, жол бойында тоқтап тұрған Toyota Avensis көлігінің алдына келіп түскен.

BMW атокөлігі оқиға орнынан қашып кетпек болыпты. Алайда, көп ұзамай Toyota Previa көлігінің артына барып соқтығысқан. Полицейлер оны сол жерде ұстады.

Алдын ала тексеру шаралары барысында анықталғаны, апатты жасаған көліктің жүргізушісі мас күйде болған екен. Қазір оны полицейлер бөлімшеге алып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары