$ 444.32  473.33  4.76

ШҚО-да алапат дауыл салдарынан 5 адам жараланды

Кеше Шығыс Қазақстан облысында орын алған дүлей дауыл бірнеше ғимараттың шатырын жұлып, ағаштар мен электр бағандарын құлатты. Сонымен қатар, табиғаттың тосын мінезінен 5 адам да жараланған. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Еске салайық, кеше Өскеменде болған алапат дауылды жергілікті тұрғындар бейнекамераға түсіріп, роликтерді әлеуметтік желілер арқылы бөлісіп жатты. Куәгерлер ондаған көліктің де зақымданғанын айтып отыр.

"Өскемен қаласы бойынша жедел жәрдем қызметі 5 адамның жарақат алғанын айтып отыр. Олардың екеуі дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілген", - деді ТЖД өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жарақат деңгейі әр түрлі болған. Олар шатырдың немесе ағаштардың құлауынан зардап шегіпті. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі атасының үстіне шатыр құлап кетіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенін жазды. Ол көп мөлшерде қан жоғалтқан көрінеді.

Еске салайық, кешегі дауылды желдің жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жетті. Жергілікті тұрғындар табиғаттың тосын мінезін алдын ала ескертпеген метеорологтарға ренжулі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары