$ 443.85  474.3  4.8

ОҚО-да депутат пен әкім кеңесшісінің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшіс Сейіт Ертай мен ОҚО мәслихатының депутаты Қамытбек Айтөреевтің жол апатынан қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Түркістан қаласының прокуроры Руслан Әбдірайымов өзінің Facebook-парақшасында жазды.

"Шымкент-Самара тас жолының 107 шақырымында жол жиегінде техникалық ақаулықпен тұрған Газ-53 автокөлігіне Тойота Прадо көлігі 23.07.2017 ж. сағат 13-тер шамасында соқтығып, Тойота көлігіндегі екі жолаушы, облысымызға танымал ЕКІ азаматымыз, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай мен облыстық мәслихаттың депутаты Қамытбек Айтөреев оқиға орнында көз жұмды, Тойота көлігінің жүргізушісі ауруханада жансақтау бөліміне түсіп, көмек көрсетілуде. Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, қылмыстық істі ОҚО ІІД-нің Анықтау басқармасы өндірісіне алды. Қайғыға ортақтасып, Сейіт Ертай мен Қамытбек Айтөреевтің отбасына көңіл айтамыз, бекем болыңыздар. Өмірден өткен ағаларымыздың жаны жаннаттық, топырағы торқа болсын", - делінген прокурордың жазбасында.

Айта кетейік, қайтыс болған Сейіт Ертай бұған дейін Арыс ауданының әкімі, Қамытбек Айтөреев Шардара ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары