$ 498.51  522.84  4.81

Сәтпаевта педофилді ұстау кезінде оған күш көрсеткен полицей жұмыстан қуылды (ВИДЕО)

23 шілде күні Сәтпаев қаласында 5 жасар қызды өз үйіне әкеліп зорлаған педофилді ұстау кезінде оған күш көрсеткен полицейді басшылары жұмыстан қуды. Тәртіп сақшысы күдіктіні ұру сәтін өз телефонының бейнекамерасына түсірген де, кадрларды интернетке жүктеген.

Бейнекадрлардан жас сержанттың күдіктіні бірнеше рет теуіп, балағаттағанын естуге болады. Кейін кабинетке өзге қызметкерлер кіргенде ол бейнекамераны сөндіріп тастаған.

Кеше кешке облыстық ІІД басшылары конвой қызметіндегі сержантты жұмыстан қуып жібергендерін айтты.

"Тергеу әрекеттерінен кейін тергеуші кабинеттен шығып кеткеннен кейін қарауылдардың бірі полиция сержанты қол жұмсаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сержант құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылып, қамауға алынды. Оның басшылығы қатаң тәртіптік жазаға тартылды", - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Сондай-ақ, бұл іс өзге тергеушіге беріліп, 50 жастағы күдікті де уақытша ұстау абақтысына жабылған. Әлеуметтік желі қолданушылары болса жас сержантты қызметке қайта алуды талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары