$ 498.34  519.72  4.85

«Highvill» тұрғынүй кешені үш рет өртенгеннен кейін Астана әкімдігі тексеру жүргізуде

Астанада ең қымбат үйлердің бірі болып саналатын «Highvill» тұрғын үй кешені өрт қауіпсіздігіне тексеріліп жатыр. Өйткені, оңтүстіккореялық компания салған осынау кешенде соңғы бір айда үш рет өрт тұтанып, салдарынан 4 адам қайтыс болған еді.

Бұл туралы бүгін қала әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен жиын барысында айтылды. Әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қала басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе өрт қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты «Highvill» ТК-де тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Еске салайық, 14 шілде күні аталған үйдің пәтерлерінің бірінде тұтанған өрттің түтінінен нигериялық профессор отбасымен бірге түгел уланып қайтыс болған еді. Енді күні кеше осындағы тағы бір пәтерде салқындатқыштың сымынан ақау шығып, өрт пайда болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары