$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдері жарияланды

Бүгін таңертең Жаркенттен 10 шақырым қашықтықта апатқа ұшыраған ЯК-12 ұшағының салонында 54 жастағы пилот Хамит Ақбергенов пен 39 жастағы шаруа қожалығының иесі Мәсімжан Мәсімов болған. Олардың екеуі де қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысы Панфилов аудандық прокуратурасының өкілдері хабарлап отыр.

Екі адамға арналған шағын ұшақ "Казавиа" жеке компаниясына тиесілі. Ол жүгері алқабына дәрі себумен айналысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, егістік алқабы Мәсімжан Мәсімовке тиесілі болған.

"Пилот Хамит Ақбергенов Қарағанды облысының тумасы, Алматыда тұрып келген. Мәсімжан Мәсімов болса Панфилов ауданындағы Шолақай аулының тұрғыны", - деді прокурорлар.

Еске салайық, шағын ұшақ 27 шілдеде таңертең орын алды. Мұнан кейін ҚР ИДМ тексеру аяқталғанша Қазақстандағы барлық ЯК-12 ұшақтарының ұшыуына уақытша тыйым салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары