$ 443.85  474.3  4.8

Теміртаулық полицей "ірі шенеунікке" бола супермаркет клиентін күшпен қуып жіберді (ВИДЕО)

Теміртаулық супермаркеттердің біріне келген клиентті полицей еш себепсіз күшпен қуып шықты. Өзінің бұл әрекетін тәртіп сақшысы қалаға ірі шенеуніктің келуімен түсіндірмек болған. Яғни, ғимарат алдындағы көлігін алып тастауын талап етіпті. Бұл сәтті супермаркетке келушілердің бірі видеокамераға түсіріп, интернетке жүктеп үлгерді.

Видеокадрлардан аңғарғанымыздай, ашулы полицей клиентті ақыры дүкен ғимаратынан қуып шыққан. Ал, болған жайтты камераға түсірген екінші адамды ғимараттан шығармай, таспаны өшірткісі келген көрінеді.

Аталған бейнероликті кешелі бері әлеуметтік желілерде мыңдаған адам талқылап үлгерген. Ал, Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мән-жайды тексеріп жатқандарын айтты.

"Қазіргі таңда облыстық ІІД мамандары видеотүсірілімді тексеріп жатыр. Мән-жайды анықтайтын боламыз. Қосымша хабар береміз", - деді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Белгілі болғандай, кеше Теміртауға жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев барған болатын. Ол өнеркәсіп орындарын технологиялық жаңғырту мәселелеріне қатысты жиын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары