$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да 200-дей ұсақ мал өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысында орын алған өрттің салдарынан 200-ге жуық қой мен ешкі тірідей өртеніп кетті деп хабарлайды Хабар-24 телеарнасы.

Оқыс оқиға Қазталов ауданына қарасты Талдыапан ауылының жайылымында тіркелген. БҚО-ның Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тілсіз жаудың бетін қайтаруға 40 шақты ауыл тұрғыны мен 8 техника жұмылдырылған. Өрт салдарынан қой бағып жүрген 27 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті. Денесінің 70 пайызын күйік шалған азамат шұғыл түрде Жалпақтал ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Алапат өрт кешкі 21:00 шамасында сөндірілді. Аптақ ыстықтың салдарынан биыл өңірде дала өрттері жиілеп тұр. Мәселен, соңғы аптада Ақжайық ауданына қарасты бірнеше елді мекен аумағында тілсіз жау бас көтерді. «Мал-жан аман, дегенмен қысқы мал азығына қажетті жем-жөп дайындайтын шабындық алқаптарының жанып кетуі ауыл тұрғындарына оңай тимегені анық», – дейді мамандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары