$ 498.34  519.72  4.85

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты өзіне қол жұмсады

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Терлікбаев өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Ол қоштасу хатын қалдырмаған, оқиға орнында және марқұмның денесінде азаптаудың белгілері жоқ. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Депутаттың өлі денесі 5 тамыз күні өз үйінен табылған. Терлікбаев көзі тірісінде "ҚТЖ" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның рельс дәнекерлейтін кәсіпорындарының бірін басқарған. Қайтыс боларының алдында аталған кәсіпорында тексеру жүрген екен.

Қазіргі таңда бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, "Өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары