Қапашағайда екі жас жігіт суға тұншығып қайтыс болды деп жазады patrul.kz. Қайғылы оқиға 8 тамыз күні "Сәуле" демалыс аймағында орын алған.
Сүңгуірлер екі баланың суға түкен жеріне жеткенше құтқарушылар суда демалып жүрген жанның бәрін жағаға шығарып жіберді. Куәгерлер болса екі жас жігіттің үрлемелі қайыққа отырып, жағадан 300 метрдей алыс жерге жүзіп кеткенін, кейін сол жерден суға секіргендерін айтты. Олар ескертулерге құлақ аспапты.
Суға батып кеткен жігіттердің үлкені 21-де, кішісі 20 жасқа енді толған. Оқиғадан 20 минут өткеннен кейін сүңгуірлер алдымен біреуінің, біраз уақыттан кейін екіншісінің мәйітін жағаға алып шықты.
Айта кетейік, биыл шомылу маусымы басталған уақыттан бері бір ғана Қапшағайда 15 адам судың құрбаны болыпты.