Астаналық полицейлер кеше түнде қала көшелерінің бірінде жалғыз жүрген кішкентай қызды тауып алды. Қазір оның ата-анасы мен туыстары іздестірілуде деп хабарлайды елордалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
"10 тамызға қараған түні сағат 01:00 шамасында полицейлер Қабанбай батыр көшесіндегі айналма жолды бақылап жүрген кезінде жалғыз жүрген кішкентай қызды тауып алған. Жасөспірімдер ісімен айналысатын полиция қызметкерлері оны оңалту орталығына орналастырды", - дейді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.
Қыз шамамен 3-4 жаста, өзін Миланамын деп таныстырған. Бойы 115-120 см. Шашы ашық түсті қысқа. Үстінде қызыл түсті плащевка, ақ жилетка, ақ түсті футболка, қызғылт шалбар, қызғылт аяқ киім болған.