Құқық бұзғандар тәртіптік жазаға тартылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығы. Мектеп директорына бірнеше рет шағым түскен жағдайда оны тәртіптік жазаға тарту мәселесі қаралады.
- Мұның барлығы мектептерде немесе сайттарда жарияланбау керек. Біз қандай болсын, қызығушылықты қорғамауымыз керек. Ата-аналар өздері ыңғайлылығына қарай таңдауы қажет. Бұл дүкен, базар болуы мүмкін, қай жерде, қалай ыңғайлы болады, сол жерден алады, - дейді Астана қаласы білім басқармасы басшысының м.а. Әнуар Жанғозин.
Бұдан бөлек, қалалық білім басқармасы мектеп басшылығын сайтқа эмблеманың электронды нұсқасын салуды міндеттеді. Тиісті хат мектеп директорларына жіберілді: мұның барлығы қандай да бір жеткізуші компанияның мүддесін қорғамау үшін жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, ата-аналарға эмблема тігілген пиджак және жейде алу міндет емес.
- Біз барлық мектептерге эмблемаларын сайтта жариялау үшін хат жолдадық. Енді кез келген ата-ана ол эмблеманы көшіріп алып, қалаған жерінде шығарып, формаға жабыстыра алады. Осы да жеткілікті, - дейді А.Жанғозин
Негізгі мектеп формасына қатысты сұрақтар бойынша телефон: 55-68-53, 55-74-67.
Бұған дейін хабарланғандай, Астананың көк түсті бірыңғай мектеп формасына көшуі бала киімінің ескіруіне қарай кезеңімен көшеді. 1 қыркүйектен бастап қаракөк түсті костюм-шалбармен тек бірінші сынып оқушылары ғана келуі керек. Ұлдар үшін мектеп формасында – пиджак, желетке, шалбар, трикотажды желетке түсі - қара көк, ал көйлек ақ түсті. Суық күндері көйлекті «водолазкаға» ауыстыруға болады. Алайда биыл ата-аналардың сұранысы ескеріліп, барлық киімдерді алудың қажеттілігі жоқ. Ұсынылатын минимум: көйлек, желетке, шалбар. Қыздар үшін минимум: сарафан, блузка,: желетке, блузка және белдемше немесе желетке, блузка, шалбар.