$ 498.51  522.84  4.81

ШҚО-да қоларбада жатқан 3 айлық сәби тұншығып шетінеп кетті

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылында қоларбада жатып тұншығып қалған деп жазады Tengrinews.kz.

Сәбидің дыбыссыз және дем алмай жатқанын анасының өзі байқаған. Қайғылы оқиға болар алдында жас ана баланы қоларбаға жатызып, өзі басқа шаруаларымен айналысқан көрінеді.

"Алдын ала болжам бойынша, нәресте аунап, етбетімен жатып қалған. Салдарынан тұншығып, шетінеп кеткен болуы мүмкін. Қазір оқиғаның мән-жайы түгел анықталып жатыр. Баланың денесінде ешқандай жарақат жоқ. Баланың өміріне салғырт қараған ата-анасының үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары