Дегенмен, ол айыппұлды қазақ тілін талап еткені үшін емес, техника қауіпсіздігін сақтамағаны үшін төлейді. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, жолаушы ас ішуге арналған үстелді көтеріп қоймағаны үшін жауапқа тартылыпты.
"Ұшақ қонар сәтте ол қауіпсіздік талабын орындаудан бас тартты, яғни жиналмалы үстелді көтеріп қоймады. Бұл өз кезегінде түрлі жарақат алуға септігін тигізуі мүмкін. Сондықтан, бұл талап міндетті түрде орындалуы тиіс", - делінген компания өкілдері таратқан хабарламада.
Ал, жауапқа тартылған жолаушы болса стюардессаның өзіне қазақ тілінде сөйлемегенімен байланыстырып отыр.
"Қазақстанда маған қазақша сөйлеулері тиіс", - дейді жолаушы ұшақта түсірілген видероликте.
Дегенмен, әуе компаниясының өкілдері бортсеріктердің талаптарды үш тілде оқығанын мәлімдеп отыр.
"Эир Астана" компаниясы қазақ тіліне құрметпен қарайды. Бортсеріктер жұмысқа тұрар кезде міндетті түрде мемлекеттік тілден емтихан тапсырады", - делінген аталған хабарламада.